Новости

Стенд ату: Александр Мухамедиев ХХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты💥🇰🇿

Стенд ату: Александр Мухамедиев ХХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты💥🇰🇿

Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан скит бағдарламасында ХХ жазғы Азиаданың ерлер арасындағы жекелей сынның іріктеуі аяқталды.

Қазақстан командасының өкілі Александр Мухамедиев 119 ұпаймен ақтық сынға жолдама алды (6-орын). Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Давид Почивалов 17-орын алса, Артём Седельников 28-сатыға орналасты.

Ал командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыға тұрақтады. Жекелей сынның финалдары бүгін өтеді.

Еске сала кетейік, отандасымыз Владислав Мухамедиев Джакартадағы Азиадада іріктеу кезеңінің рекордын орнатқан (124 ұпай). Сонымен қатар Азия чемпионатының іріктеу кезеңіндегі рекорды да Владиславқа тиесілі (2013 жыл, 124 ұпай).

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

.

Стендовая стрельба: Александр Мухамедиев вышел в финал XX летних Азиатских игр

В префектуре Аичи (Япония) завершилась квалификация в мужском индивидуальном соревновании по стендовой стрельбе в дисциплине «скит» на XX летних Азиатских играх.

Представитель Казахстана Александр Мухамедиев набрал 119 очков и с шестым результатом вышел в финал. Ещё один спортсмен национальной сборной Давид Почивалов занял 17-е место, Артём Седельников — 28-е.

В командном зачёте сборная Казахстана остановилась в шаге от пьедестала, заняв четвёртое место.

Финал индивидуального соревнования состоится сегодня.

Напомним, ранее Владислав Мухамедиев установил рекорд квалификации на Азиатских играх в Джакарте, набрав 124 очка. Ему также принадлежит рекорд квалификационного этапа чемпионата Азии — 124 очка (2013 год).

Отметим, XX летние Азиатские игры продлятся до 4 октября. В составе национальной сборной Казахстана выступают 558 спортсменов, которые борются за медали в 35 видах спорта.

📸Нұрғали Жұмағазы

Последние фотографии

Последние видео