Новости

Нысана көздеу: Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы Азия ойындарының іріктеуінде сынға түсті🇰🇿

Нысана көздеу: Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы Азия ойындарының іріктеуінде сынға түсті🇰🇿

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлдесі сарапқа салынып жатыр.

Аралас командалық бәсекеде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы (Ислам Сәтпаев пен Александра Ле) іріктеуде 629,1 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады. Осылайша, отандастарымыз жүлде үшін болатын сайысқа жолдама ала алмады.

Бұл бағдарламаның финалы 1 сағат үзілістен кейін басталады. Іріктеуге барлығы 17 елдің командасы қатысты.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Ханчжоу қаласы қабылдаған XIX жазғы Азия ойындарында Ислам мен Александра осы бағдарламада қола жүлдегер атанған.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

📸Нұрғали Жұмағазы

Последние фотографии

Последние видео