Нысана көздеу: біздің 3 мерген Азия ойындарының іріктеуінде сынға түсті💥
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден жазғы Азиадада ерлер арасындағы жүлде сарапқа салынып жатыр.
Іріктеуге Қазақстан командасы сапынан 3 мерген қатысты. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сәтпаев 624.1 ұпаймен 24-сатыға тұрақтады. Никита Шахторин — 623.9 ұпай (26-орын), Константин Малиновский — 623.4 ұпай (29-орын) жинады.
Бұл бағдарламаның финалы 1 сағат үзілістен кейін басталады. Ақтық сынға іріктеуде жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы қатысады.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
.
Пулевая стрельба: три казахстанских спортсмена выступили в квалификации Азиатских игр
Сегодня в префектуре Аити (Япония) на XX летних Азиатских играх проходит квалификация в стрельбе из пневматической винтовки с дистанции 10 метров среди мужчин.
В отборочном этапе в составе сборной Казахстана выступили три спортсмена. Бронзовый призёр Олимпийских игр в Париже в миксте Ислам Сатпаев набрал 624,1 балла и занял 24-е место. Никита Шахторин с результатом 623,9 балла расположился на 26-й позиции, а Константин Малиновский набрал 623,4 балла и стал 29-м.
Финал в данной дисциплине начнётся через час. За медали поборются восемь спортсменов, показавших лучшие результаты в квалификации.
Напомним, XX летние Азиатские игры продлятся до 4 октября. В составе национальной сборной Казахстана выступают 558 спортсменов, которые борются за медали в 35 видах спорта.
📸Нұрғали Жұмағазы