Новости

Нысана көздеуден Азия ойындарында аруларымыз командалық сайыста ТОП-10-ға кірді🇰🇿🎯

Нысана көздеуден Азия ойындарында аруларымыз командалық сайыста ТОП-10-ға кірді🇰🇿🎯

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтықтан нысана көздеуден әйелдер арасында командалық сайыстың жүлдегерлері белгілі болды.

Париж Олимпиадасының жүлдегері Александра Ле, Елизавета Безрукова және Софья Шульженкодан құралған Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша, 6-орыннан көрінді. Ал бас жүлдені әлемдік рекордты жаңартқан Қытай жеңіп алды.

Жүлдегерлер (16 команда):

🥇🇨🇳Қытай — 1904,2 ұпай
🥈🇮🇳Үндістан — 1898.0 ұпай
🥉🇯🇵Жапония — 1897,1 ұпай
6-орын. 🇰🇿Қазақстан — 1879.9 ұпай

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Триатлоннан ерлер арасындағы Арлан Жанабайдың қола жүлде еншілесе, тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын жүлде иеленді.

Еске салайық, ХХ жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

.

Наши соотечественницы вошли в ТОП-10 командного турнира по пулевой стрельбе на Азиатских играх 🇰🇿🎯

На XX летних Азиатских играх, проходящих в японских префектуре Аити и городе Нагоя, определились призёры командного турнира по стрельбе из пневматической винтовки с дистанции 10 метров среди женщин.

Сборная Казахстана в составе призёра Олимпийских игр в Париже Александры Ле, Елизаветы Безруковой и Софьи Шульженко по итогам соревнований заняла 6-е место. Золотую медаль завоевала сборная Китая, установившая мировой рекорд.

Результаты (16 команд):

🥇 🇨🇳 Китай — 1904,2 очка
🥈 🇮🇳 Индия — 1898,0 очка
🥉 🇯🇵 Япония — 1897,1 очка
6-е место — 🇰🇿 Казахстан — 1879,9 очка

На данный момент в активе сборной Казахстана две медали. Бронзовую награду в мужском триатлоне завоевал Арлан Жанабай, а золотую медаль в женской гонке на шоссе в велоспорте — Рината Султанова.

Напомним, XX летние Азиатские игры в Аичи-Нагое продлятся до 4 октября.

📸Нұрғали Жұмағазы

Последние фотографии

Последние видео