Новости

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мергендері Қазақстан чемпионатын сәтті бастады

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мергендері Қазақстан чемпионатын сәтті бастады

2026 жылғы 3–10 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Еліміздің басты біріншілігіне 8 өңірден келген 180 үздік мерген қатысып, Қазақстан чемпионы атағы үшін сынға түсуде.

Жарыстың алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

🥇Ислам Сатпаев – ВП-6 жаттығуы (ерлер)
🥇Александра Ле – ВП-6 жаттығуы (әйелдер)
🥇Ислам Сатпаев пен Александра Ле — ВП MIX
🥈Алина Сатпаева – ВП-6 жаттығуы (әйелдер)
🥉Анастасия Григорьева – ВП-6 жаттығуы (әйелдер)

Чемпионаттың алғашқы күндеріндегі нәтижелер Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларының жоғары дайындық деңгейін және республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алда мергендерді чемпионаттың шешуші жарыс күндері күтіп тұр. Олар ел біріншілігінің жүлделері үшін күресті жалғастырады.

Последние фотографии

Последние видео