Федерация Михаил Шайдоровты алтын медаль иеленуімен шын жүректен құттықтайды!
30 жыл ішінде алғаш рет еліміздің Әнұраны қысқы Олимпиада ойындарында қайта шырқалды.
Біз, федерация ретінде, бұл жеңіс — жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі екенін атап өтеміз. Ол мемлекеттің мақсатты іс-қимылдарының, федерациямен тығыз ынтымақтастықтың және, әрине, спортшының ерекше талантының арқасында мүмкін болды.
Ата-аналарға, жаттықтырушылар құрамына, сондай-ақ спортшыны әр кезеңде сүйемелдеген медициналық мамандарға ерекше алғыс білдіреміз.
Бүгінде федерация халықаралық кеңесшілерді белсенді түрде тартып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Мұның барлығы спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіліп, енді қаржыландыру олимпиадалық спорт түрлеріне басым тәртіппен бөлінеді.
Бұл өзгерістер қазірдің өзінде нақты нәтижелер бере бастады.
Біз баршаңызды осы жүйелі тәсілді қолдауға және спорт саласының игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз!!!
_______________________________________________
Федерация выражает искренние поздравления Михаилу Шайдорову с завоеванием золотой медали!
Впервые за 30 лет гимн нашей страны снова прозвучал на зимних Олимпийских играх.
Мы, как федерация, отмечаем, что эта победа — результат системной, комплексной работы. Она стала возможной благодаря целенаправленным действиям государства, тесному сотрудничеству с федерацией и, конечно, невероятному таланту самого спортсмена.
Особую благодарность выражаем родителям, тренерскому составу, а также медицинским специалистам, которые сопровождали спортсмена на каждом этапе.
Сегодня наша федерация активно привлекают международных консультантов, расширяют международное сотрудничество. Всё это ведётся в рамках реализации государственной политики по развитию спорта.
По поручению главы государства внесены изменения в законодательство, и теперь финансирование распределяется в приоритетном порядке на олимпийские виды спорта. Эти изменения уже начинают приносить ощутимые результаты.
Мы призываем всех поддерживать этот системный подход и продолжать вместе работать на благо нашего спорта!!!