Новости

CҰРМЕРГЕНДЕР ЖАРАП ТҰР!

CҰРМЕРГЕНДЕР ЖАРАП ТҰР!

Қатар астанасы Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты аяқталды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық қыз-жігіттер 14 медаль жеңіп алды. Соның арқасында жалпы командалық есепте топ басына шықты. Біздің сұрмергендер еншілеген 14 медальдің 5-еуі алтын. Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күндері стенд атудың скит бағытында Адель Садақбаева топ жарды. Артынша осы Адель Садақбаева бар, бұған қоса, Ольга Хайлова мен Әсем Орынбай бар, үш спортшымыз командалық сында ең үздік нәтиже тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. Стенд атудың трап бағытында да алтын жеңіп алдық. Бұнда да қазақ қыздары командалық сында алдына жан салмадыКейін олардың жеңіс жолын жасөспірім ұлдар жалғады. Қазақстандық өрендер стенд атудың скит бағытында да, трап бағытында да командалық сында жеңіске жетті. Тағы бір айта кетерлігі, осы жарыс барысында қазақстандық қыз-жігіттер Азия және Әлем рекордттарын жаңартты.

Последние фотографии

Последние видео