Стенд ату шеберлеріміз Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Бұл күндері Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін скиттен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.
Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр.
Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.
.
🥉💥 Сборная Казахстана по стендовой стрельбе завоевала бронзовую медаль на чемпионате Азии в Дохе
В эти дни в столице Катара – Дохе проходит чемпионат Азии по стендовой стрельбе.
Сегодня в смешанном парном разряде в дисциплине скит наши соотечественники Асем Орынбай и Эдуард Ещенко замкнули тройку призёров. Победу в этой программе одержала сборная Катара, серебряные медали достались представителям Кореи.
Отметим, что соревнования континентального первенства, которые продлятся до 22 января, собрали 196 спортсменов из 17 стран.
Ранее наши спортсмены уже завоевали 4 награды. В частности, в женском ските Адель Садакбаева выиграла золото, а Ольга Хайлова – бронзу. Также в командных соревнованиях женская сборная стала победителем, а мужская команда завоевала бронзовые медали.