Новости

2025 жылғы 28 қазан мен 02 қараша аралығында Шымкент қаласында КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Стенд атудан ХХХIV Гран-при халықаралық турнирі өтуде.

2025 жылғы 28 қазан мен 02 қараша аралығында Шымкент қаласында КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Стенд атудан ХХХIV Гран-при халықаралық турнирі өтуде. Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогінің Финалы                        қатар өтуде.

Республикамыздың ату спортының даму тарихында бұл турнир 34-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді.                                 2018 жылдан бері турнир  ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.

Бұл жарысқа әлемнің 3 елінен: Италия, Қырғызстан, және Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Атырау, Жетісу және Қызылорда облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Бұл жарыста Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындары және Әлем мен Азия Чемпионаттары, халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.

 

https://www.instagram.com/reel/DQixNM6CFNp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Последние фотографии

Последние видео