2025 жылғы 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласындағы Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтті: нысана көздеу және стенд ату.
Чемпионатқа 27 елден 800-ден астам спортшы қатысты: Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония.
Жүлде қоры — 700-ден астам медаль, келесі жаттығулар бойынша, нысана көздеу: пневматикалық тапанша — 10 метр, 25 метр, 50 метр, мылтық 10 метр, 50 метр, қозғалмалы нысана жеке және командалық есепте.
Шара келесі серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылуда:
✔️Бас серіктес — «Самұрык-Қазына ҰӘҚ» АҚ @samrukkazyna_official;
✔️Серіктес — «Sport Qory» спортты қолдау қоры @sportqory;
✔️ KAZ Minerals тобы @kazminerals_official;
✔️«АК Алтыналмас» АҚ @altynalmas.kz;
✔️«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС @kazakhmys.news;
✔️Eurasian Resources Group (ERG) @ergkazakhstan;
✔️«Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі @kff_resmi;
Ұйымдастырушы:
«Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ @kazshooting
https://www.instagram.com/reel/DO6s7HSCIzp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==