Ұлттық құрама Азия чемпионатында үздік бестікке кірді
Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында пневматикалық винтовкамен аралас жұптық сында жүлдегерлер анықталды.
Қола жүлдеге таласта Қазақстан-2 командасы Оңтүстік Корея-1 спортшыларымен шеберлік байқасып, тартысты кездесуде есе жіберді. Есеп: 10-16. Осылайша, команда сапындағы Елизавета Безрукова мен Никита Шахторин жалпы есепте 4-сатыға жайғасты.
Бұл жаттығудың жүлдегерлері:
1. Үндістан-2 құрамасы
2. Қытай-1 құрамасы
3. Жапония-2 құрамасы
3. Оңтүстік Корея-1 командасы
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле (Қазақстан-1 командасы) бұл жолы 9-орыннан көрінді. Айта кетейік, бүгінгі іріктеуге барлығы 27 команда қатысты.
Біраздан соң осы жаттығуда (микст) жасөспірімдер мен жастар бақ сынайды.