25 қазан күні өткен жарыстан түсірілген бейнебаян.
ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ АТУДАН 35-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISSF ГРАН-ПРИ ТУРНИРІ ӨТТІ!
2026 жылғы 18–28 қазан аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған нысана көздеу және стенд атудан 35-ші халықаралық ISSF Гран-при турнирі өтті.
🌍 Халықаралық турнирге 13 делегациядан 250-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Израиль, Индонезия, Италия, Қазақстан, Қатар, Кувейт, Қырғызстан, Сингапур, Өзбекстан елдерінің өкілдері және жеке бейтарап спортшылар болды.
🎯 ISSF Гран-приі — Халықаралық спорттық ату федерациясының рейтингтік турнирі. Жарыс нәтижелері спортшылардың халықаралық рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде маңызды рөл атқарады.
2018 жылдан бастап аталған турнир Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) ресми жарыстар күнтізбесіне енгізілген.
🤝 БАС СЕРІКТЕС — «Самұрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official
🤝 СЕРІКТЕС — «Sport Qory» спортты қолдау қоры @sportqory
https://www.instagram.com/reel/DfctGKIIQbf/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==