2025 жылғы 18–25 шілде аралығында “Алматы” Олимпиадалық даярлау орталығында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының VI спорттық жастар ойыны өтіп жатыр. Еліміздің 10 өңірінен 140 спортшы — мергенді біріктірген ауқымды спорттық шара.
Жарысқа келесі өңірлердің командалары қатысуда:
1. Алматы қаласы
2. Астана қаласы
3. Шымкент қаласы
4. Павлодар облысы
5. Қостанай облысы
6. Батыс Қазақстан облысы
7. Қарағанды облысы
8. Қызылорда облысы
9. Жамбыл облысы
10. Алматы облысы
Бұл ойындар – ауқымды спорттық шара ғана емес, сонымен қатар жастар арасында нысана көздеу спортын танымал етуге күшті серпін беретін оқиға, әрі еліміздің болашақ чемпиондарының шеберлігін арттыруға арналған тиімді алаң.