ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2028 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫ СТЕНД АТУДАН ЖЕҢІП АЛЫНДЫ!
АСЕМ ОРЫНБАЙ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ!
Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының өкілі Асем Орынбай Катардың Доха қаласында өтіп жатқан ISSF спорттық атудан әлем чемпионатының финалында сәтті өнер көрсетті.
Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының финалында қазақстандық спортшы 5-орынға ие болып, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған лицензиялық жолдаманы жеңіп алды.
Бұл жетістіктің маңыздылығы – аталған лицензиялық жолдаманың Қазақстан Республикасы үшін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған жеңіп алынған *АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖОЛДАМА*!
Осылайша, Қазақстанның Лос-Анджелес Олимпиадасына арналған лицензиялық жолдамаларының есебін дәл осы стенд ату спорты ашты!
Бұл нәтиже отандық спорт үшін маңызды жетістік болып қана қоймай, қазақстандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейі мен ұлттық құраманың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Асем Орынбайды, жаттықтырушылар құрамын және бүкіл команданы осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1–14 қараша аралығында Катардың Доха қаласында оқпен және стенд атудан ISSF әлем чемпионаты өтуде. Байрақты додаға әлемнің 90 елінен 1000-нан астам спортшы қатысуда.
Әлем біріншілігінде Қазақстан Республикасының атынан барлығы 30 спортшы өнер көрсетуде, оның ішінде:
• 12 спортшы — стенд атудан;
• 18 спортшы — нысана көздеуден.
АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАМА — ЛОС-АНДЖЕЛЕСКЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
Алға, Қазақстан! Жаңа жеңістер мен Олимпиада шыңдарына бірге жетейік!