ЕРКІН ҒАББАСОВ — АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!*
*АЛТЫН МЕДАЛЬ, РЕКОРД ЖӘНЕ 2028 ЖЫЛҒЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ!*
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия пара ойындарында қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан алтын медаль жеңіп алды!
R1 жаттығуында (10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату) отандасымыз 249,1 ұпай жинап, жарыстың жаңа рекордын орнатты!
1-орын — Еркін Ғаббасов (Қазақстан) — 249,1 ұпай
2-орын — Пак Джинхо (Оңтүстік Корея) — 248 ұпай
3-орын — Ли Джанхо (Оңтүстік Корея) — 226 ұпай
Бұл жеңістің маңыздылығы ерекше, өйткені Еркін Ғаббасов 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама да жеңіп алды!
Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанып, Қазақстанның параспорт тарихында өзіндік із қалдырған.
Қазақстандық Ұлттық спорттық ату Федерациясы Еркін Ғаббасовты, оның жаттықтырушылар штабын және Қазақстан құрамасын айтулы жетістігімен құттықтайды!
Жаңа рекордтар, жарқын жеңістер және халықаралық спорт аренасында толағай табыстар тілейміз!🇰🇿🇰🇿🇰🇿