Новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 5 қарашада Қазақстандық Ұлттық спорттық ату федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция барысында Аринов Чингис Сайранұлы Федерацияның Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының президенті болып бірауыздан сайланды.

Конференция Федерация президенті, бас хатшы Олег Владимирович Почиваловтың, сондай-ақ спорт қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта өтті.

Іс-шара аясында өңірде нысана көздеу және стенд ату спорт түрлерін дамыту перспективалары, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және спорт резервін даярлау мәселелері талқыланды.

Сайланғаннан кейін Чингис Сайранұлы Александр Асанов атындағы спорт клубының қызметімен, оның инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және спортшыларды даярлауға жасалған жағдайлармен танысты.

Клубты одан әрі дамытуға, спорттық ату түрлерімен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық Ұлттық спорттық ату федерациясы Чингис Сайранұлы Ариновты өңірлік филиал президенті болып сайлануымен құттықтайды және Алматы облысында спорттық атуды дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруда табыс тілейді!

Последние фотографии

Последние видео